Ссылки доступа

Ашхабадта жаңажылдық мереке түні 30 жастағы ер адамды өлтіріп кетті


Убийство произошло в канун нового года (иллюстративное фото)
Убийство произошло в канун нового года (иллюстративное фото)

Түркіменстан астанасында жаңажылдық мереке қарсаңында кісі өлімі тіркелді. Қылмыс 31 желтоқсанда кешкі сағат 9-да жасалған.

Кісі қолынан қаза тапқан ер азаматтың мәйітін ертесіне таңертең автобус аялдамасынан тапқан.

Оқиға орнында жұмыс істеген полиция жігіттің басынан ауыр затпен ұрған деген алдын ала қорытынды жасаған. Бұған қоса оның әмияны, ұялы телефоны жоғалғаны анықталды. Соған байланысты оны тонау үшін өлтірген болуы мүмкін деген болжам жасалды. Бірақ кісі тонаушылар балаларға арналған жаңажылдық сыйлыққа тиіспеген.

Ашхабад тұрғындары соңғы уақытта түркімен астанасында қылмыс көбейгеніне алаңдап отыр. Жақында жас келіншек қарт кісіні тонау мақсатында оған шабуыл жасаған.

XS
SM
MD
LG