Ссылки доступа

Душанбедегі таксилердің барлығы бір түске боялады


Эскиз окраса такси, представленный Бадриддином Курбоновым
Эскиз окраса такси, представленный Бадриддином Курбоновым

Душанбе әкімдігі такси қожайындарына қарамағындағы автокөліктерді бірыңғай сән үлгісіне сәйкестендіруге 15 маусымға дейін уақыт берді.

Жобаға сәйкес, такси көлігінің жоғарғы бөлігі сары, төмен жағы ақ түске боялуы тиіс. Кузовына шашка тақтасы іспеттес пішін орнатылып, такси шақыратын телефон нөмірі жазылуы керек.

Осы жобаны әзірлеген Тәжік техникалық университетінің мұғалімі Бадриддин Курбоновтың пікірінше, Душанбе таксиінің өз келбеті болуы тиіс.

Ерекше көркемделген таксилерді қала тұрғындары мен қонақтары көптеген автокөліктің ішінен бірден ажырата алады дейді ол.

Душанбеде такси сұранысқа ие көлік түрінің бірі саналады. Бір ай бұрын қалада такси терезелерін қошқыл түске бояуға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG