Ссылки доступа

Қырғызстан президенті православ қырғызстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков православ қырғызстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы аппараты таратқан құттықтау мәтінінде "бұл күн бізге адамның ең жақсы қасиеттері - сенім, мейрімділік және адамгершілікті еске салады" делінген.

"Қырғызстан халықтарының бай рухани мұрасы бізге ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшіліктің нығаюына көмектеседі", - деді қырғыз президенті.

7 қаңтарда Қырғызстандағы православ христиандары Рождество мерекесін атап өтіп жатыр. Таңертең ел астанасындағы барлық шіркеулерде мерекелік рәсімдер жасалды. Қырғызстанда шамамен 500 мың православ христиан бар.

XS
SM
MD
LG