Ссылки доступа

Хорезмде мақта терушілерді жинағандар жалақы алмаған


2018 жылы Өзбекстанның Хорезм облысы Шават ауданында мақта теруге адам жинағат 35 отрядтың басшылары әлі айлық алмаған.

Олар Озодлик радиосының редакциясына хат жолдады. Онда еңбек келісімшарты жасалған "Шовот Текстиль" кәсіпорыны айлықтарын әлі төлемегені айтылған.

"Біз бұл кәсіпорынның басшылығына бірнеше мәрте шықтық. Бірақ олар уәделерін әлі орындамай келеді" делінген хатта.

"Біз 20 қыркүйектен 10 қарашаға дейін мақта тердік. Келісімге сәйкес, жиналған 80 тонна мақта үшін бізге 1,5 миллион сумнан ($180) төленуі тиіс", - деді бір махалланың төрағасы.

Еске салайық, өткен жылы үкімет отырысында ел премьер-министрі Абдулла Арипов елде мақта жинайтын 26.467 отряд құрылғанын хабарлаған. Мақта алқаптарында 2 млн 639 мың адам жұмыс істеген.

XS
SM
MD
LG