Ссылки доступа

Өзбекстанда жылжымайтын мүлік сатып алған шетелдіктер елде тұру ықтиярхатын алады


Многоэтажный элитный дом в Алмазарском районе Ташкента.
Многоэтажный элитный дом в Алмазарском районе Ташкента.

109 елдің азаматтары Өзбекстаннан қымбат жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы елде тұру ықтиярхатын ала алады, деп хабарлады РИА Новости. Тиісті қаулыға республика президенті Шавкат Мирзияев қол қойған.

"109 елдің азаматтарына жылжымайтын мүлік сатып алған жағдайда Өзбекстанда тұру ықтиярхаты берілсін" делінген құжатта.

Мұндай құқық шетел азаматтарына Ташкент қаласы және Ташкент облысынан кем дегенде 400 мың долларға жылжымайтын мүлік сатып алған жағдайда беріледі. Самарқанд, Бұхара, Наманган, Әндіжан, Ферғана және Хорезм облыстарында сатып алынған мүлік құны кем дегенде 200 мың доллар, Қарақалпақстан және басқа да облыстарда кем дегенде 100 мың доллар болуы тиіс.

2017 жылы Өзбекстан үкіметі тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарына астанадан кем дегенде 150 мың долларға жылжымайтын мүлік сатып алуға құқық берді. Өткен жылы қаңтарда мүліктің ең төменгі бағасы 74 мың долларға дейін түсірілді.

XS
SM
MD
LG