Ссылки доступа

Сейсмолог: Қазақстанға сейсмикалық қауіпсіздік туралы заң керек


Заместитель директора Института сейсмологии Казахстана Нурсарсен Узбеков. Алматы, 28 декабря 2018 года.

Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті аймақтар, арнайы карта жасау, мамандар даярлау мен сейсмикалық қауіпсіздік туралы заң қажеттігі туралы айтады.

Нұрсәрсен Өзбековтің мәлімдеуінше, Қазақстан территориясының 40 пайызға жуығы сондай қауіпті аймаққа жатады. Олар - Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласы, Түркістан және Қызылорда облыстары. Маңғыстау облысы ішінара орта деңгейлі сілкініс қаупі бар аймаққа жатады. Осы облыстар бойынша кешенді түрде ғылыми зерттеу жүргізіледі. Бірақ қазіргі талап бойынша Еуро-8 стандартына сай карта жасау керек болып отыр.

"Мәселен, бұрын біз сілкініс қаупін, дүмпу күшін тек қана балл бойынша есептесек, ендігі жерде үдеулік күшінің көрсеткішімен көрсетеміз. Ол екі жылдық интервал аралығында жасалынған. Бұл елімізге сырттан келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасау, яғни инвестор қаражатының қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін керек. Негізінде 2015 жылы еліміз бойынша осы еуростандартқа сәйкес аудандастыру картасын жасап шығарғанбыз. Бірақ мұның масштабы өте ұсақ болғандықтан одан ақпарат алу қиын. Сондықтан қазір әр облыс карталарды жаңа стандартқа сәйкес жеке жасауды қолға алды. Ол үшін мемлекет тарапынан тиісті нормативтік құжаттар дайындалды. 2021 жылға дейін жасап шығарамыз", - сейсмолог.

Оның айтуынша, елді толғандырып жүрген үшінші мәселе – жер сілкінісін болжау. "Біз үш кезеңді күшті жер сілкінісін болжау тәсілін ұсынып отырмыз. Болжаудың өзі үш сатыға бөлінеді. Ұзақ мерзімді – бес жылдан жеті жылға дейін, орта мерзімді – бір жылға дейін және қысқа мерзімді – сағаттық, тәуліктік. Осы үш мәселені бірдей шешу керек. Біз қазір 5-7 жылдық болжам картасын өзіндік дәрежеде жасай аламыз. Бұған қатысты ешкімнен кем емеспіз. Орта мерзімді, яғни бір жылдық сейсмикалық болжамды жасауға да қабілетіміз жетеді".

Сейсмология институты Қазақстанда негізінен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ол Сейсмологиялық әдістемелік экспедициясы қосалқы ұйымымен бірге жұмыс істейді. Бұл мекеменің Қазақстан бойынша 63 станциясы бар.

XS
SM
MD
LG