Ссылки доступа

Пашинян Қарағандыдағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (видео)


Армения премьер-министр қызметін атқарушы Никол Пашинян 7 қаңтарда Қарағандыдағы жаппай төбелеске қатысты пікірін білдірді.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол, қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтып, еліндегі БАҚ-ты "жан-жақты тексерілген ақпаратты ғана" жариялауға шақырды.

"Марқұмның жақындарына көңіл айтамын және бұл оқиғада ұлтаралық сипат жоқ екенін баса айтқым келеді. Маған жеткен ақпарат бойынша, төбелескендер әр ұлттың өкілі болған. Төбелескендер арасында қазақ та болған. Бұл төбелесте ұлтаралық араздық болды дей алмаймын" деген ол.

Осыған дейін Арменияның сыртқы істер министрлігі де Қарағандыдағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған. Қазақстан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Армения сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян телефон арқылы сөйлескені хабарланды.

Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде төбелес болып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанған. Барлығы жеті адам ұсталған. Тағы бір адам Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланған.

6 қаңтарда Қарағандыда жүздеген адам "қылмыскерді" табуды талап еткен. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG