Ссылки доступа

Түркіменстан мектептерінде президент портреттері жаңартылды


Түркіменстанның жалпы білім беру мекемелерінде президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің портреттері қайтадан жаңартылды.

Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлағанындай, Дашогуз облысының мектептерінің қабырғаларына президенттің шашына ақ түскен суреттері ілінген. Бұл үшін мұғалімдер 5 манаттан жинаған екен.

Мұнан бөлек өлкенің барлық мемлекеттік мекемелерінде президенттің портреттері жаңартылып жатыр.

Ашхабадта президенттің шашына ақ түскен суреттері сауда орындарында 5 манаттан ($1,3) сатылып жатыр.

Түркімен президентінің былтырғы, шашы қара суреттері арзандатылған бағамен 4 манатқа ($1) алуға болады.

Түркіменстан президенті соңғы уақытта имиджін өзгертіп, ел алдында ақ түскен шашымен шыға бастаған.

Түркіменстанда президенттің суреттері жыл сайын жаңартылып тұрады.

XS
SM
MD
LG