Ссылки доступа

Швецияда терроризм ісі бойынша Орталық Азия тумаларына қатысты сот процесі басталды


Бахтиёр Умаров, Дэвид Идриссон, Атабек Абдуллаев (солдан оңға қарай)

Швеция астанасы Стокгольмде алты Өзбекстан және бір Қырғызстан азаматына қатысты терроризм ісіне қатысты сот отырысы басталды.

Орталық Азияның үш азаматы Швеция аумағында террористік акт жасамақ болды деп айыпталады.

Алғашқы сот отырысы 7 қаңтарда өтті. Айыпталушылар Өзбекстан азаматтары Акрамджон Эргашев, Бахтиёр Умаров, Гулом Таджиев, Шоахмад Махмудов, Дэвид Идриссон және қырғызстандық Атабек Абдуллаев сот залында оқ өтпейтін шыны қоршауда отырды.

Абдуллаев, Идриссон және Умаров "өзге адамдарға қастандық жасау үшін" химиялық заттар сатып алған деп айыпталады.

24 - 46 жас аралығындағы алты айыпталушы да Швецияда заңды тұрған. Олар өздеріне тағылған барлық айыптауларды теріске шығарады.

Сот отырысы 11 ақпанға дейін жалғасады.

2017 жылдың сәуір айында Швециядан босқын мәртебесін сұраған Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов ұрлап әкеткен жүк көлігімен Стокгольм орталығында жаяу адамдарды қағып өтіп, бес адамды өлтірген. Ол 2018 жылдың маусым айында өмір бойы түрме жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG