Ссылки доступа

Қарағандыдағы оқиға: "Күдіктінің" видеоүндеуі жарияланды


Скриншот видеообращения мужчины, называющего себя Нареком Гуруряном.
Скриншот видеообращения мужчины, называющего себя Нареком Гуруряном.

Интернетте өзін "Нарек Гурурян" деп таныстырған ер адамның видеоүндеуі жарияланды. Бұған дейін "Қарағандыдағы жаппай төбелеске қатысты" деген күдікке ілінген Нарек Гурурян есімді адамға халықаралық іздеу жарияланған.

Видеодағы ер адам "төбелеске қатысқанын, бірақ ешкімді өлтірмегенін" мәлімдеді. Ол "егер қауіпсіздік пен ашық тергеуге кепілдік болса, Қазақстан билігіне берілуге дайын" екенін айтты.

"Істеген ісіме жауап беруге дайынмын. Бірақ біреудің ісін мойныма алмаймын. Ешкімді өлтірген жоқпын" деді видеодағы адам.

Бұған дейін Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті 22 жастағы Гурурянның және ұсталған үш адамның фотосын жариялаған.

Қарағанды облыстық әкімдігінің хабарлауынша, Жаңа жыл түні Қарағандыдағы мейрамханалардың бірінде төбелес болып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақаттанған. Барлығы жеті адам ұсталған. Тағы бір адам Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланған.

6 қаңтарда Қарағандыда жүздеген адам "қылмыскерді" табуды талап еткен. Қарағанды облысы әкімі Ерлан Қошанов іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан.

Қарағандыдағы оқиғаға қатысты Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян мен осы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасаған.

XS
SM
MD
LG