Ссылки доступа

Бердымұхамедов бірнеше этрапқа жаңа басшы тағайындады


Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов
Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов бірнеше этрап басшыларын жұмыстан шығарып, олардың орнына жаңаларын тағайындады.

Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бердымұхамедова тиісті қаулыларға қол қойған.

Гурбанмұхаммет Аннаев Ахал уәлаятындағы Бахерден этрапына басшы болып тағайындалды.

Дашоғыз уәлаятына қарасты Губадаг этрапының басшысы Торегылыдж Назаров жұмыстағы олқылықтарға байланысты қызметтен алынып, оның орнына Халжан Нуржанов қызметке алынды.

Республикадағы тағы бірнеше этрапқа жаңа басшылар тағайындалды.

Түркіменстан президенті аймақ басшылары мен министрлерді, басқа да шенеуніктерді жиі ауыстырып тұрады.

XS
SM
MD
LG