Ссылки доступа

Қырғыз парламенті ғимаратына түкірген ер азамат милицияға өзі келді (видео)


Министерство внутренних дел. Иллюстративное фото.

Қырғызстанның Жогорку Кенеш ғимаратына түкірген ер азамат милиция бөліміне өз еркімен келді, деп хабарлады NewTV телеарнасы.

Телеарна мәліметі бойынша, ол Ыстықкөл облысы Тон ауданындағы бір ауылдың тұрғыны болып шықты. Ол милиция өз еркімен келіп, түсініктеме жазған.

Ютубте таралған видеода оның милицияға бірнеше адаммен бірге келгені анық көрінді. Телеарнаға берген сұхбатында ер азамат жасаған ісі үшін жауап беруге дайын екенін мәлімдеген. "Бірақ бұл мәселе Бішкекте шешіледі", - деді ол.

Еске салайық, биыл 1 қаңтарда көшеде түкіру үшін айып салуды қарастыратын жаңа заң күшіне енді. Мұндай әрекет үшін 5,5 мың сом көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG