Ссылки доступа

Анкарада Ресей елшісі өліміне қатысты сот басталды


Первые секунды после убийства, 19 декабря 2016 года, Анкара
Первые секунды после убийства, 19 декабря 2016 года, Анкара

Анкарада Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты 2016 жылы желтоқсанда өлтірген күдіктінің ісіне қатысты сот басталды. Бұл туралы Би-би-си телеарнасы хабарлады.

Тергеу бұл істегі 28 айыпталушыны елде тыйым салынған FETO ұйымына қатысы бар деп атаған. Террористік деп танылған ұйымның жетекшісі Фетхулла Гүлен АҚШ-та тұрады.

Карловты 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада Қазіргі заман өнері орталығында фотокөрменің ашылу салтанатында атып өлтірген. 22 жастағы Мевлют Мерт Алтынташ дипломатты бірнеше мәрте атып, "Аллаху акбар! Алеппоны ұмытпаңдар!" деп айқайлаған.

Бірнеше минуттан соң Алтынташты қауіпсіздік күштері атып өлтірді.

XS
SM
MD
LG