Ссылки доступа

Түркіменстанмен шекарада шабуыл болып, 20-дан астам ауған әскері өлтірілген


Ауғанстанның ресми мәліметіне қарағанда, "Тәлибан" содырлары елдің батысындағы қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасап, 21 полиция қызметкерін өлтірген.

Ақпаратқа қарағанда, 6 қаңтар күні кешкісін содырлар Түркіменстанмен шекаралас екі бекетке шабуыл жасаған.

Азаттықтың түркімен қызметіне сұқбат берген Кабулдың ұлттық парламент депутаты Сейит Муса Дженабы Абы Кемери және Кадыс ауылдарына жасалған шабуылдан 20-дан астам әскери қаза тауып, тоғызы жараланды деген.

"Тәлибан" қозғалысы шабуылды мойнына алған.

XS
SM
MD
LG