Ссылки доступа

Қырғыздың Қара-Бургон ауылында арақ-шарапқа тыйым салынды (видео)


Қырғызстанның Нарын облысы Қара-Бургон ауылының тұрғындары кезекті рет алкоголдік ішімдіктерге тыйым салмақ. Жергілікті жастар осындай бастама көтеріп, дүкен иелеріне спирттік ішімдіктерді жеткізушілерге кері қайтаруға қысым жасаған.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бері ауылда арақ-шарап сатылу доғарылған. Бастамашыл жастар тыйым салу алкоголдік ішімдіктерді азайтуға әкеледі дейді.

Чолпонбек Кубатбек уулу.
Чолпонбек Кубатбек уулу.

​- Алкоголь - зұлым. Жастар бұзылып кетті. Арақ ішетін қыздар, әйелдер бар. Қазір ауыл тыныш болып қалды. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдап отыр. Қарсылар жоқ, - дейді Чолпонбек Кубатбек уулу.

Сатушылар жеткізушілерге 150 мың сомның өнімін қайтарған. Спирттік ішімдіктерді арзан бағамен қабылдағандықтан сатушылар 60 мың сом жоғалтқан.

Ауылдың бірқатар тұрғындары бұл бастамаға қарсы. Алтынке Калназарова алкоголь сатуға тыйым салу адам құқығын бұзады деп есептейді.

"Біздің құқығымыз бұзылып жатыр. Олар салдарын ойламайды. Мен оларға айттым, қазір демократия, біз не қалаймыз соны сатуымыз керек деп. Біз спирттік ішімдіктерді сату арқылы пайда тауып жүрдік", - дейді ол.

Дәл осындай оқиға үш жыл бұрын болған. Бірақ екі айдан кейін ауылда арақ-шарап қайта сатыла бастады.

Қара-Бургон ауылында үш мыңға жуық адам тұрады.

XS
SM
MD
LG