Ссылки доступа

Түркіменстанда мерекеден соң нанға кезек қайта пайда болды


Прилавок продовольственного магазина, Ашхабад (архивное фото)
Прилавок продовольственного магазина, Ашхабад (архивное фото)

Түркіменстанда жаңажылдық мерекелер аяқтала салысымен мемлекеттік дүкендер мен банкоматтар алдында кезек қайта пайда болды.

Бұл туралы Азатлык радиосының Түркіменстандағы тілшісі хабарлады.

"Лебап және Мары уәлаяттарында адамдар мемлекеттік азық-түлік дүкендері алдында нанға кезекте тұр. Банкоматтар алдында да көп адам кезекте тұр", - деп хабарлады Ашхабадтағы тілші.

Түркіменстанда бір жылдан астам уақыттан бері ұн мен нан тапшы. Мемлекеттік дүкендерде азық-түлік аз мөлшерде белгіленген бағамен сатылады. Оған кезекке тұратындар көп. Ал базарлар мен жекеменшік дүкендерде азық-түлік бағасы жоғары.

Мемлекеттік дүкендерде нан мен ұн 5-6 есе арзан бағамен сатылады. Түркіменстанда ұнның бір келісінің құны 2 манат деп белгіленген.

XS
SM
MD
LG