Ссылки доступа

Дональд Трамп телеүндеуінде шекара қабырғасын тұрғызуға шақырды


Дональд Трамп
Дональд Трамп

Алғаш рет ел азаматтарына телеүндеу жолдаған АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен арадағы шекарада қалыптасқан жағдайды күрделі гуманитарлық дағдарыс деп атады.

Ол заң билігін шекарада қабырға тұрғызуды қаржыландыруға шақырды. Сол арқылы "тоқтаусыз азапты доғаруға болады" деп есептейді президент.

Трамптың пікірінше, АҚШ-тан Мексика арқылы келетін есірткі контрабандасын қабырға тұрғызу арқылы ғана бөгеуге болады. Ол шекараны заңсыз өтетін жүз мыңдаған мигрантты тежейді. Мыңдаған америкалық заңсыз мигранттардың құрбаны болды, деп мәлімдеді Трамп.

АҚШ президенті шекарада қабырға тұрғызуға қарсы шыққан демократтарды сынады.

Бұған дейін Трамп Конгресстен қабырға құрылысына 5,7 миллиард доллар сұраған. Бірақ Конгрессте басым демократтар оны бекітпеді. Соның салдарынан бірқатар америкалық мемлекеттік агенттіктер жұмысы тоқтады: мұндай шатдаун үш апта бойы жалғасып келеді.

Трамп әкімшілігі президент АҚШ-та төтенше жағдай енгізуі мүмкін екенін мәлімдеген. Сол арқылы ол Конгресстің мақұлдауынсыз шекара қабырғасы құрылысына қаржы бөле алады. Бірақ президент бұл идеядан бас тартып, халыққа телеүндеу жолдаған. Әзірге америкалықтардың басым бөлігі қабырға құрылысын қолдап отырған жоқ.

XS
SM
MD
LG