Ссылки доступа

Түркіменстан президенті мақал-мәтел жинағын шығару арқылы егіншілікті дамытуды тапсырды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа тәсілін тауып, ата-бабадан қалған халық даналығын жинап, кітап етіп шығаруды тапсырды.

7 қаңтарда президенттің қатысуымен өткен үкімет отырысында ауыл шаруашылығы мәселесі талқыланған. Онда ел президенті Бердымұхамедов егіншілікті дамытуды тапсырған.

Мемлекеттік арналар президент егіншілікті дамытудың жолы ретінде қанатты сөздер, мақал-мәтелдер жинағын шығаруды тапсырғанын хабарлап жатыр.

"Қанатты сөздер ауыл шаруалығын дамытуға, диқандардың жағдайын жақсартуға қалай әсер етуі мүмкін?", - деп таңданысын білдіреді ашхабадтық тіл маманы.

Президент Бердымұхамедов Жаңа жылдық үндеуінде 2019 жылы егін бітік шығады деп уәде берген.

Диқандар жылдан жылға ауыл шаруашылығына су жетіспейтінін айтып шағымданып келеді.

Былтыр Түркіменстан 1 миллион 600 мың тонна астық өндіреміз деген уәдесін орындай алмады.

XS
SM
MD
LG