Ссылки доступа

Өзбекстанда шетелдік төлқұжат алуға кезек көбейген


Өзбекстанда шетелге бару үшін берілетін төлқұжат алуға кезек көбейіп, ғимаратқа кіру үшін жұрт кептеліп қалған.

Жаңа төлқұжат алу үшін құжаттарды қабылдау аудандарда 4 қаңтардан бастап, Ташкентте 11 қаңтардан басталған.

Шетелге шығатын азаматтар 10 жылға берілетін жаңа төлқұжат алуы тиіс.

Самарқанд тұрғыны Бахшулло Арипов құжаттарын өткізу үшін тиісті мекемеге таңғы сағат 6-дан келіп, 169-болып кезекке тұрғанын айтады. Олардың 70-іне ғана талон берген. Қалғандарын келесі күні қабылдаймыз деп қайтарып жіберген.

Өзбекстанның барлық елді-мекенінде төлқұжат алу үшін дәл осындай дүрлігу болып жатыр. Елдің ішкі істер министрлігі бұл жағдайға әзірге түсініктеме бермеді.

XS
SM
MD
LG