Ссылки доступа

"Тәжік Эйр" қызметкелерін мерзімсіз демалысқа жіберді


"Тәжік Эйр" әуе компаниясының барлық бағыттағы рейстері тоқтаған соң, компания қызметкерлерінің көбісі мерзімсіз демалысқа жіберілді.

Ұлттық компания қызметкерлері бірнеше ай жалақы алмағандарына наразылық білдірді.

"Тәжік Эйр" мемлекеттік әуе компаниясы 4 қаңтарда Ресейге және басқа да елдерге рейстерін уақытша тоқтатты.

Ұлттық компанияның баспасөз хатшысы Азиз Хайруллоев Озоди радиосына компанияның көптеген қызметкері жалақысыз демалысқа шыққанын растады.

Азиз Хайруллоев
Азиз Хайруллоев

"Жағдай тезірек түзеліп, біз қызметкерлерді жұмысқа қайта шақырамыз деп үміттенемін", - деді компанияның баспасөз хатшысы..

Қазір "Тәжік Эйрдің" барлық бағыттары рейстері күз-қыс мерзіміне дейін тоқтап тұр. Ұлттық компания жолаушыларын Ресей қалаларына "Сомон Эйр" әуе компаниясы тасиды.

"Тәжік Эйр" ұшақтары 13 қалаға – Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Сургут, Бішкек, Алматы, Самарқанда және басқа да қалаларға қатынаған.

Ұлттық компания тағдырын үкімет комиссиясы шешеді. Шешім бір айдың ішінде шығуы тиіс.

XS
SM
MD
LG