Ссылки доступа

Өзбекстанда "миллионға" қызыққандар жарқанат ұяларын бұзған


Өзбекстанда табиғат қорғаушылар жарқанат ұяларының жаппай бұзыла бастауына алаңдаушылық білдірді. Әлеуметтік желілерде мұндай ұя бірнеше мың доллар тұратыны туралы жарнама тараған.

Әлеуметтік желілерде жарқанат ұясына 5-10 мың доллар төлейтіні туралы жарнамалар төңірегінде қызу пікір-талас жүріп жатыр.

Оған сеніп қалғандар жарқанат ұяларын іздеуге шыққан. Оны тапқандар ұяны қалай бұзғанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

"Тірі ғаламшар" ұйымының белсендісі Анастасия Ташилова жарқанат ұяларының жаппай бұзылуына алаңдаушылық білдірді. Ол азаматтарды жалған уәдеге сенбеуге шақырды. "Алаяқтардың әрекеттері салдарынан жарқанаттар зардап шегіп жатыр", - деді Ташилова.

Әлеуметтік желілердің бірқатар қолданушысы жарқанат ұясынан дәрі жасайды деп жазған.

Жарқанат - еркін ұша алатын жалғыз сүтқоректі. Оның ұясынан ракқа қарсы дәрі жасайтыны туралы нақты мәлімет жоқ.

Гонконгта жарқанаттар ұясынан көже пісіретіні белгілі. Латын Америкасында жарқанат боғын тыңайтқыш ретінде пайдаланады.

XS
SM
MD
LG