Ссылки доступа

Атамбаевтың күйеу баласы Футбол федерациясы президенті қызметінен кетті


Семетей Султанов.
Семетей Султанов.

Қырғызстан футбол федерациясы бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың күйеу баласы Семетей Сұлтанов федерация президенті қызметінен кеткенін хабарлады.

"Мен федерация президенті қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Мұндай қадамға сыртқы қысымның ықпалы болған жоқ", - деді Сұлтанов.

Семетей Сұлтанов Футбол федерациясын 2012 жылы басқарды. 2016 жылы ол бұл қызметке 2020 жылға дейін қайта сайланды. Ол басқарған жылдары Қырғызстан ұлттық құрамасының рейтингі біршама жақсарған. Команда алғаш рет Азия Кубогы-2019 турнирінің финалдық кезеңіне шықты.

Семетей Сұлтанов экс-президент Алмазбек Атамбаевтың бір қызына үйленген.

XS
SM
MD
LG