Ссылки доступа

Трамп демократтармен "шатдаун" туралы келіссөздерді үзді


Президент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамптың 9 қаңтарда Конгрестегі демократиялық партия жетекшілерімен "шатдаун" туралы келіссөзі басталмай жатып аяқталды.

Келіссөздерге Сенаттағы демократтардың басшысы Чак Шумер және Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қатысқан. Нэнси Пелоси Мексикамен арадағы шекарада қабырға тұрғызу туралы мәселеге қарсы шыққан. Трамп: "онда бізге талқылаудың қажеті жоқ", - деп, орнынан тұрып кеткен. Кейін Трамп кездесуді "уақыт жоғалту" деп сипаттаған.

АҚШ Конресіндегі демократ жетекшілер президенттің кезекті "тоңқуына" куә болғанын мәлімдеді.

Бұның алдында Трамп телеүндеу жариялап, шекарада қабырға тұрғызуға шақырған. Ол Мексикамен шекарадағы жағдайды "гуманитарлық дағдарыс" деп атады.

Трамп Конгрестен қабырға құрылысына 5,7 миллиард доллар сұрап отыр. Бірақ Конгресте басым орынға ие демократтар оған қарсы шыққан. Соның салдарынан көптеген мекемелерге қаражат бөлінбей қалды. Осылайша АҚШ тарихындағы ұзақтығы жағынан екінші "шатдаун" қалыптасты.

XS
SM
MD
LG