Ссылки доступа

Астана: екі мыңнан астам этникалық қазаққа Шыңжаңнан көшуге рұқсат етілді


У здания МИД Казахстана в Астане.
У здания МИД Казахстана в Астане.

Қазақстан билігінің мәлімдеуінше, Пекин екі мыңнан астам этникалық қазаққа Қытай азаматтығынан бас тартып, Шыңжаңнан көшуге рұқсат берген. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Бұның алдында Шыңжаң билігі жаппай индоктринация науқанын жүргізіп, мыңдаған адамды оқшаулаған. Олар отырған лагерлерді Пекин "кәсіби оқыту орталықтары" деп атады. Мұнда жүздеген мың, кейбір мәліметтер бойынша, миллионнан астам адам орналастырылған.

Лагерлерде отырып шыққандар оларды өз мәдениетінен, діни көзқарасынан бас тартуға үгіттеп, саяси индоктринация жүргізгенін айтты.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 9 қаңтарда жасаған мәлімдемесінде Пекин екі мың этникалық қазаққа көшуге рұқсат бергенін растады. СІМ мәлімдемесінде Қазақстанға келген олар Қазақстан азаматтығын алуға өтініш бере алатыны айтылған.

«Ән, би, күлкі». Қытай БАҚ өкілдеріне "лагерлерді" көрсетті:

XS
SM
MD
LG