Ссылки доступа

Тәжікстанда секс-қызметтер 25-30 пайызға арзандаған


Тәжікстанда соңғы уақытта интимдік қызмет көрсету 25-30 пайызға арзандаған. Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, оған секс қызметті пайдаланатын ер адамдарға жазаны күшейту себеп болған.

Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден келетін интимдік қызмет көрсетушілерді біріктіретін "Шах-айым" желісінің өкілі соңғы жылы Тәжікстанда жезөкшелерге сұраныс бірден төмендегенін айтады.

"Қазір қызметтің бұл түрі сағатына 50-80 сомониден (5-8 доллар) 30-35 сомониға (3-3,6 доллар) арзандады", - дейді.

Себебі Тәжікстанда милиция тарапынан тексеру күшейгендіктен сұраныс азайды дейді "Шах-айым" өкілі.

Душанбеде интимдік қызмет ұсынушылардың бірі 29 жастағы Фарангистің сөзінше, қазір ер азаматтар милиция қызметкерлері жиі тексеретіндіктен, өте сақ болып алған.

Тәжікстан ІІМ мәліметінше, 2018 жылдың соңғы 9 айында тексеру кезінде 6 мың тәнін сатушы ұсталған, олардың 32-сі кәмелет жасына толмаған. 1500 – бойжеткен 18-30 жас аралығында, қалғандарының жасы 30-дан жоғары.

XS
SM
MD
LG