Ссылки доступа

"Өзметкомбинатта" қайтадан қаржы ұрлау мәселесі анықталған


Uzbekistan - Uzmetkombinat
Uzbekistan - Uzmetkombinat

2018 жылдың күзінде “мемлекет мүлкін шығынға ұшыратты" деген айып бойынша "Өзметкомбинаттың" алты қызметкері сотталған. Кәсіпорынды басқару құқығын алған SFI Management Group компаниясының өкілі 2019 жылдың қаңтар айында қызметінен шеттетілді.

Өзбекстан Бас прокуратурасы “Өзбек металлургия комбинатында” ұрлау және мемлекет мүлкін талан-таражға салу фактісі бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Өзметкомбинаттың" инженерінің айтуынша, барлық жағдай жасалғанына қарамастан, кәсіпорынды басқару құқығын алған SFI Management Group жағдайды өзгерте алмады дейді. Компанияның сатып алулар бойынша менеджеріне ірі сомадағы қаражатты ұрлады деген айып тағылған.

Осыған дейін мемлекеттік "Өзбекстан 24" телеканалы SFI Management Group компаниясының Өзбекстаннан шыққан ресейлік миллиардер Алишер Усмановқа қатысы бар екенін мәлімдеген.

2017 жылы "Өзбек металлургия комбинаты" акционерлік қоғамымен жұмыс істеген 49 кәсіпорынның 80 қызметкерінің қамауға алынғаны хабарланған.

Бұл қызметкерлер мемлекетке және қоғамға экономикалық зиян келтірді деп айыпталып жатқаны айтылған. Тергеу құжатына сәйкес, жүздеген млрд сум зиян келген.

Мәліметке қарағанда, қамауға алынған кәсіпорын қызметкерлері "Өзбек металлургия комбинатының" осыған дейін қылмыстық іс қозғалған жетекшілерімен ымыраласып, металлдарды заңсыз сатып келген.

XS
SM
MD
LG