Ссылки доступа

Шетелде оқитын түркімен студенттеріне ақша аудару тәртібі күшейген


Дашогуз облысындағы банктер шетелде оқитын балаларына ақша аударуға келген ата-аналарға тұратын жерінен анықтама алып келуді талап етіп жатыр. Бұл жөнінде "Түркіменстан хроникасы" хабарлайды.

Анықтама коммуналдық қызметтер үшін қарызы жоқ азаматтарға ғана беріледі.

Түркіменстан банктері шетелге аударылатын ақша көлемін шектеу үшін, түрлі жаңа талаптар енгізіп отырады.

2017 жылдың күзінен бері шетелде оқитын түркімен студенттері қаржы алу жағынан қиындықтарға тап болып келеді. Банк карталарынан ақша шығара алмай қиналатындар көп.

Түркіменстандық студенттердің айтуынша, қаражат шығарудағы қиыншылықтардан оқу ақысы дер кезінде төленбей қалып жатады.

XS
SM
MD
LG