Ссылки доступа

Түркіменстанда шетелдегі студенттерге ақша аудару қиын


Дашоғыздағы банктер шетелде оқитын студенттерге ақша аударушылардан тұрғылықты мекені туралы анықтама талап ете бастады. Бұл туралы 9 қаңтарда "Хроника Туркменистана" басылымы хабарлады.

"Мұндай анықтама берерден бұрын электр қуаты ақысының төленгенін, қуат есептеуіш жаңа құрылғы орнатылғанын тексереді. Жаңасы орнатылмағандарға 300-700 манат ($80-$200) көлемінде айыппұл салады", деп жазды басылым.

Газ бен су ақысының уақытылы төленуін өткен жылдан бері құқыққорғау органдары да қадағалайтын болған.

Жұмыс орнынан анықтама түрлі мемлекеттік мекемелер талап ететін құаттың бірі.

Бұл уақытта Түркіменстан банктері ақша аударуға қатысты жаңа талаптар ойлап табуын доғарар емес.

Түркіменстанда шетелде оқитын студенттер өткен жылдан бері қолма-қол ақша алуда қыншылықтарға жиі ұшырап келеді. Соның салдарынан оқу ақысы уақытында төленбей, студенттердің күнкөріске ақшалары таусылып қалып жатыр.

XS
SM
MD
LG