Ссылки доступа

Өзбекстанда наурызда жүз мыңдық купюра пайда болады


В настоящее время самой крупной в Узбекистане является банкнота номиналом 50 тысяч сумов, введенная в августе 2017 года.
В настоящее время самой крупной в Узбекистане является банкнота номиналом 50 тысяч сумов, введенная в августе 2017 года.

Озодлик радиосы дереккөзінің хабарлауынша, өткен жылдың соңында президент Шавкат Мирзияев 100 000 сумдық жаңа банкноттарды айналымға шығаруды тапсырған. Мұндай құжатқа қол қойылғаны анық деді дереккөз.

Шенеунік сөзіне қарағанда, жүз мыңдық жаңа банкноттар Наурыз мерекесі қарсаңында жарыққа шығады. Бұл мереке Өзбекстанда 21 наурызда тойланады.

Бұл туралы Озодлик радиосына өзбек шенеуніктерінің бірі хабарлады. Оның айтуынша, ақшаның алғашқы серия басылған, басшылыққа көрсетілген.

Өзбекстанның қаржы саласында істейтін тағы бір дереккөз жаңа ақшаның үлгісі парламент сенатына таныстырылғанын растады.

Қазіргі таңда Өзбекстанда айналымдағы банкноттардың ең үлкені - 50 мың сум. Ол 2017 жылы тамызда айналымға түскен.

XS
SM
MD
LG