Ссылки доступа

Тәжікстан билігі Сирияда ұсталған "Абу Мусааба Точикидің" кім екенін анықтады


Мухаммад Давлатализода, он же Абу Мусааб Точики

Тәжік билігі Сирияда күрд жасақтары ұстаған содырдың кім екенін анықтады. Оған "Ислам мемлекеті" террористік тобына қатысы бар деген айып тағылған.

Тәжікстанның күш құрылымдарындағы дереккөз Сирияда ұсталған Абу Мусааб Точикидің шын есімі Мұхаммад Давлатализода екенін, ол Хатлон облысы Сарбанд қаласына қарасты Тәжікабад қышлағында туғанын айтты.

Ресми мәлімет бойынша, ол 24 жаста, 2015 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген.

Мұхаммад Давлатализоданың анасы Мехри Курбонова ұлының Тәжікстан ислам университетінде оқығанын, 2014 жылы білім алуды Египетте жалғастыруға кеткенін айтты. Кейін оның Египеттен Иракқа өтіп, содырлар жағында соғысқаны белгілі болды.

Мухаммад Давлатализода. Фото из семейного альбома
Мухаммад Давлатализода. Фото из семейного альбома

"Біз онымен соңғы мәрте екі ай бұрын телефонмен сөйлестік. Мен оған Тәжікстанға оралуын жалбарына сұрадым. Ол жасаған ісіне өкініп, қайтып келуге уәде берген. Бұл туралы мен аудандық милиция бөліміне хабарлағанмын. Бірақ Мұхаммад одан соң қайта хабарласпады", - деді Курбонова.

Тәжікстан азаматының ұсталғаны туралы Сириядағы күрд күштері 9 қаңтарда хабарлаған.

6-7 қаңтардағы операция барысында сегіз терроршы қолға түскен. Олардың ішінде Қазақстаннан шыққан Сотибек Ошибаев (Абу Рукия) та бар.

Тәжік билігінің мәліметі бойынша, 1900 тәжік азаматы Сирия мен Иракта ИМ содырларына қосылған.

XS
SM
MD
LG