Ссылки доступа

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев Үндістанға сапарын кейінге қалдырды


Алмазбек Атамбаев
Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Үндістанға қысқа мерзімді демалыс сапарын кейінге қалдырды.

Бұл туралы Қырғызстан социал-демократиялық партиясының ресми өкілі Құндыз Жолдубаева Facebook'тегі парақшасы арқылы хабарлап, бұл жаңалықтан саясат іздеудің қажеті жоқтығын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алмазбек Атамбаев отбасымен бірге 11 қаңтарда Үндістанға демалуға кететіні туралы хабарланған.

Оның алдында әлеуметтік желі қолданушылары Атамбаев шетелге кетейін десе, билік оған жол бермей отыр деп жазған. Жолдубаева бұны жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG