Министрлік таратқан мәлімдемеге қарағанда, тексеру барысында орталық сайлау штабының басшылары, сайлау штабтарының қызметкерлері мен басшыларынан жауап алынған.
Түпкілікті шешім сайлау штабының қаржы мәселелері жөніндегі өкілі Надира Сатыгул кызынан жауап алынған соң шығарылады деп хабарлады министрлік.
Қырғызстан социал-демократиялық партиясының ресми өкілінің бұның алдында хабарлауынша, партия төрағасы Алмазбек Атамбаев қауіпсіздік мақсатында Надира Сатыгул кызына елден уақытша кете тұруын сұраған.
Мұндай тексерудің жүргізілуіне заңгер Нурбек Токтакуновтың 15 қарашада жариялаған құжаттары түрткі болды.
Құжаттарда Жээнбеков штабы 1,1 миллиард сом және 6,8 миллион доллар шығындаған. ОСК-ға тапсырылған ресми есепте 158 миллион сом деп көрсетілген.