Ссылки доступа

Қазақстандық дипломат Шыңжаңдағы "лагерьде" не көргенін айтты


Студенты на занятии в институте в Урумчи. 3 января 2019 года.
Студенты на занятии в институте в Урумчи. 3 января 2019 года.

Шыңжаңға барған Қазақстанның Қытайдағы елшісінің кеңесшісі Манарбек Қабазиев "саяси тәрбиелеу орталығында оқып жатқандардан" сый ретінде майлы бояумен салынған сурет алған.

"Қытай [саяси тәрбиелеу орталығындағы] оларға жақсы жағдай жасаған. Демек, Қытай басшылары өз азаматтарының қамын ойлайды деп айтуға болады. Менің ойымша, Қытайдағы орталық үкімет және Шыңжаң өңірінің басшылары өз азаматтарына жаңа мамандық игеруге мүмкіндік жасап жатыр" деді ол.

Советник посла Казахстана в Китае Манарбек Кабазиев дает интервью CCTV.
Советник посла Казахстана в Китае Манарбек Кабазиев дает интервью CCTV.

Малайзияның Қытайдағы елшілігінің өкілі Мохаммед Хосни Шахиран Исмаил "бұрын ақпарат құралдарында жазғандарды оқып орталық туралы басқаша ойлайтынмын. Қазір орталықтың шынайы өмірін көрдім" деді.

12 дипломаттың Шыңжаңға сапары:

«Здесь комфортно и хорошо». Вояж 12 дипломатов в Синьцзян
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00

Ал Ауғанстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкері Саид Хабибурахман Хусинпур де "Шыңжаңға барған соң орталықтар туралы ойын өзгерткен".

"Осыған дейін [орталықтар туралы] түрлі есептерді көрдім. Бірақ мұндағы жағдай есепте айтылғандай емес екен. Орталықта шынымен бәрі жақсы. Тәрбиеленушілер көп нәрсені үйреніп, көп жағынан өзгереді" деді ол.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Шыңжаңға барған 12 елдің дипломаты Қытай билігінің өкілдерімен бірге Шыңжаңдағы базарларды, мешіттерді, оқу орындарын, мектептерді де аралаған.

Қазақстан дипломаттарының Қытайдағы "кәсіптік үйрету орталықтарына" барғанын Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де растады. Министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, "дипломаттар Үрімші, Қашқар және Хотанға барған. Олар провинция басшылығымен атап айтқанда, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің халықтық үкіметінің төрағасы Шохрат Закирмен де кездескен". Министрлік лагерьге барған дипломаттардың сұхбат бермейтінін айтты.

Советник посла Казахстана в Китае Манарбек Кабазиев в «лагере политического перевоспитания».
Советник посла Казахстана в Китае Манарбек Кабазиев в «лагере политического перевоспитания».

Қытай шақырған дипломаттар арасында батыс елдері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері жоқ.

Reuters ақпарат агенттігі Қытай билігі қаңтардың басында бірнеше шетел басылымын арнайы шақырып, Хотан, Қашқар, Қарақаштағы саяси тәрбиелеу орталықтарына апарғанын хабарлаған. Журналистермен тілдескендер орталыққа өз еркімен келгенін айтқан. Олар тілшілермен тілдескен сәтте ресми өкілдер қатаң бақылап тұрған.

Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы дипломаттардың Шыңжаңға сапарына қатысты арнайы мәлімдеме жасап, басым бөлігі Ислам әріптестігі ұйымының мүшесі болып саналатын және бұған дейін Батыс Қытайдағы адам құқығының бұзылуы жайлы мәлімдемеген елдердің сапардан кейін оған реакция білдіруі неғайбыл дейді. Ұйым дипломаттардың сапары "аймақтағы жағдайды тәуелсіз бағаладық" деуге негіз бола алмайды деп санайды.

«Песни, танцы, смех». Китай организовал визит СМИ в «лагеря»
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00

Қытайдағы "саяси тәрбиелеу орталықтары" туралы алғашқы ақпарат 2017 жылы сәуірде шыға бастады. Этникалық қазақтар мен ұйғырлар жақындарының қамалып, олармен хабар үзілгенін айтқан. Кейін Қытайдағы аз ұлттардың қысымға ұшырағаны туралы халықаралық ұйымдар мен батыс елдері де айта бастаған.

БҰҰ Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу орталықтарында" миллионға жуық адам "еркінен тыс" қамауда отырғанын мәлімдеген. Халықаралық ұйымдар мен батыс елдері Пекиннен Шыңжаңға кіргізуге рұқсат сұраған. Ал қаңтардың 7-cі күні Қытай сыртқы істер министрлігі БҰҰ өкілдері "Пекин қойған шарттардыорындаса, Шыңжаңға кіргізетіндерін" айтқан.

Қытай үкіметі басында бұл орталықтардың барын жоққа шығарып келді. Кейін Пекин қысымды "экстремизмге қарсы шара" деп мәлімдеді және "қамалғандар тіл үйреніп, кәсіп меңгеріп шығатынын" айтты.

Қазақстандағы қазақтар да Алматыда бірнеше рет жиын өткізіп, Қытайдағы жақындарының жаппай қамалып жатқанын айтқан. Олар Қазақстан билігінен, халықаралық ұйымдардан көмек сұраған.

Өткен жылы Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қытайда "қамауда отырған" қазақтардың туыстарынан 915 өтініш түскені, 2018 жылдың басынан бері Пекин екі мыңнан астам қазақтың Қытай аумағынан кетуіне рұқсат бергенін мәлімдеген. Министрлік Қытайда қос азаматтығы үшін күдікті саналып, ұсталған 29 қазақстандықтың 15-і бостандыққа шыққаны туралы да хабарлаған.

Шыңжаңда қамауда отырғандарды құтқаруды сұрайды:

Еще одна просьба спасти родных в Синьцзяне
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:52 0:00

Қытай қазақтарының Шыңжаңдағы лагерьлер туралы жаңа мәлімдемелі:

Новые заявления казахов из Китая о задержаниях в Синьцзяне
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

XS
SM
MD
LG