Ссылки доступа

АҚШ Қаржы министрлігі Дерипаска компаниялары санкциядан шығатынын растады


Стивен Мнучин

Вашингтон кәсіпкер Олег Дерипасканың En+, "Русал" және "Евросибэнерго" компанияларын санкция тізімінен шығаруды көздеп отыр. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Конгресс өкілдерімен жабық кездесуде мәлімдеген.

Стивен Мнучиннің мәлімдеуінше, амеркалық Қаржы министрлігі ресейлік компаниялардың міндетіне алған жауапкершіліктерін қалай орындайтынын жіті бақылайды. Олар талаптарды орындамаса, санкциялар қайта күшіне енуі мүмкін.

Қаржы министрінің айтуынша, Дерипасканың жеке өзі санкция тізімінде қала береді.

Дерипаска мен оның бақылауындағы компанияларға АҚШ өткен жылы сәуірде санкция енгізген. Оған кәсіпкердің Кремльге жақындығы себеп болды. Кейін Вашингтон Дерипаска үлесі 45 пайыздан азайған жағдайда, оны санкция тізімінен шығаруы мүмкін екенін хабарлаған.

9 қаңтарда АҚШ Конгресіндегі жеті комитет өкілдері санкцияны алып тастамауға шақырған. Конгрессмендер Дерипаска үлесі Кремльге жақындығы бар адам қолына өтеді деп қауіптенген.

XS
SM
MD
LG