Ссылки доступа

Түркімен президенті әскерилер сыйлаған құлынға арнап өлең шығарды


Президент Туркменистана назвал "Удачей" подаренного военными жеребенка
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:25 0:00

Президент Туркменистана назвал "Удачей" подаренного военными жеребенка

Түркіменстан басшысы әскери және құқыққорғау құрылымдарының мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, ит асырау, бақша шаруашылығы салаларындағы жетістіктерімен танысты.

9 қаңтарда түркімен президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ІІМ мал шаруашылығы кешенінде болып, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің көшпелі отырысын өткізді. "ІІМ мал шаруашылығы кешенінде шамамен 360 ірі қара бар. Мұнда мал асырауға барлық жағдай жасалған" деп жазды мемлекеттік БАҚ.

Ал мемлекеттік кеден қызметінің құс шаруашылығында шамамен 50 мың тауық бар, өткен жылы мұнда 11 млн жұмыртқа алынған. Шекара қызметіне қарасты 1500 га жерде жүз мың көшет отырғызылып, 600 ірі қара, 10 мың мал өсіріледі.

Елдің күш құрылымдары теплицаларда түрлі көкөніс өсіреді. Бұған қоса сарбаздар президент Бердымұхамедовтің "Дәрілік шөптер" кітабының көмегімен дәрі дайындайды, таулы өңірлерде грек жаңғағын тереді.

Президент сапары кезінде әскерилер оған құлын сыйлаған. Жыл басында туған құлынды ол "Ровач" (Сәттілік) деп атады. Одан соң түркімен президенті құлынға арнап өлең шығарды.

Ресми ақпарат құралдары күш құрылымдарының шаруашылықтары сарбаздарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG