Ссылки доступа

Өзбекстан дұрыс тамақтанбайтын елдер рейтингінде көш бастады


Плов считается самым любимым блюдом узбеков.
Плов считается самым любимым блюдом узбеков.

Фридрих Шиллер атындағы Йен университетінің ғалымдары дұрыс тамақтанбау салдарынан кісі өлімі жоғары елдер рейтингін дайындады. Бұл тізімде Өзбекстан көш басында тұр.

1990-2016 жылдар аралығында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, Өзбекстанда дұрыс тамақтанбау салдарынан 100 мың адамның 394-і қайтыс болады.

Рейтингте бұрынғы совет республикалары алғашқы он бір орынды алды. Екінші және үшінші орында Түркіменстан мен Қырғызстан тұр.

Одан кейін Украина, Молдавия, Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Қазақстан орналасқан. Ресей оныншы орында тұр. Мұнда 100 мың адамның 291-і дұрыс тамақтанбау салдарынан қайтыс болады.

Зерттеу авторлары аталған елдердің тамағында тұз мөлшерінің көптігі мен көкөністің аздығын атап өткен.

Еуропада дұрыс тамақтанбайтын елдер рейтингінде Германия жоғары тұр. Ғалымдар, Испания, Израиль және Франция тұрғындары дұрыс тамақтанады деп атаған.

XS
SM
MD
LG