Ссылки доступа

Қырғызстанда қабір бұзғандар ісі тексеріліп жатыр


Кладбище в Ананьево

Ыстықкөл аудандық ішкі істер басқармасы Ананьево ауылындағы зираттың бұзылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Православ зираты 11 қаңтарда қиратылған. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 90 крест пен ескерткіш бұзылған. Бұл туралы милицияға жергілікті тұрғындар шағымданған.

"Бұны ақылынан адамдасқандар жасаған. Есі дұрыс адам мұндайға бармайды", - деді Александр есімді тұрғын.

Ыстықкөл облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, бұл іске қатысты тергеу тобы жұмыс істей бастады. Күдіктілер әзірге табылмаған.

Ыстықкөл ауданы әкімі Данир Иманалиев пен аудандық милиция басшысы Нұрғазы Увалиев 12 қаңтарда Ананьево тұрғындарымен кездесті. Аудан әкімі кінәлілерді табуға уәде берді.

Премьер-министр Мұхаммедкалый Абылгазиев ішкі істр минстрлігіне зират бұзғандарды тауып, оларды жазаға тартуды тапсырды.

Ананьево – Ыстықкөл ауданында түрлі ұлттар тұратын үлкен ауыл. Мұнда 14 мың адам тұрады.

XS
SM
MD
LG