Ссылки доступа

Нетаньяху Сирияны атқылағанын растады


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз елінің соңғы күндері Сирия аумағындағы нысандарды атқылағанын растады.

- 36 сағаттың ішінде Әскери әуе күштері иран қаруы сақталған Дамаск халықаралық әуежайындағы қоймаларды атқылады, - деп мәлімдеді ол.

Израиль әскери ұшақтары Дамаск қаласына қарай бірнеше зымыран атқанын сириялық мемлекеттік ақпарат құралдары 11 қаңтарда кешке хабарлаған. SANA агенттігінің мәліметі бойынша, зымырандардың көбісі атып түсірілген, бірақ "жаудың бір зымыраны" астана әуежайындағы қоймаға тиген.

Телеүндеу жасаған Нетаньяху Изарильдің "жүздеген шабуылы" нәтижесінде "Иранның әскери араласуын тежей алғанын" мәлімдеді. "Біз Сириядағы Иранға қарсы шығуға әрдайын дайынбыз", - деп мәлімдеді ол.

Иран, Ресей және ливандық шиіттердің "Хезболла" әскери тобы 2011 жылдың наурызында басталған соғыста сириялық президент Башар Асад жүйесін қолдап келеді.

Бұл соғыста 400 мыңнан астам адам қаза тапты, миллиондаған адам босып кетті.

XS
SM
MD
LG