Ссылки доступа

Тәжікстанда несиесін өтей алмайтын борышкерлер саны көбейіп жатыр


Тәжікстанда соңғы бір жылда несиесін өтей алмай отырған борышкерлер саны 400 мыңға өскен. Елдің әрбір оныншы тұрғыны банктен кредит алған.

Несие пайызының жоғары екеніне қарамастан тұрғындар банктерден ақша алуға мәжбүр.

Гуланор Афгонова соңғы бір жарым жылдан бері ай сайын «Эсхата» банкіне 10 мың сомони (1000 доллар) төлейді. Қазір отбасы табысының 40 пайызы несиені жабуға кетеді дейді.

​«Мен бірінші ұлымды үйлендіру үшін, сосын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін несие алдым. Басқа не істей аламын. Айлық табысым жоспарларымды жүзеге асыруға жетпейді. Адамдардан қарыз сұрасаң, кез-келген уақытта ақшасын қайтаруын сұрап келеді. Одан гөрі ай сайын банкке төлеп отырған жақсы», - дейді Гуланор Афгонова.

Тәжікстандағы несие-ақпараттық бюросының директоры Манучехр Абдусамадзода тұрғындардың дені кредитті тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерін шешу үшін алады дейді. Борышкерлердің орташа жасы 25 - 40 жас аралығында екен.

Бірақ борышкерлердің бәрі несиесін толық өтей алмай пәтерлерінен айырылып, енді бірі өздеріне қол салып жатады. Raiffeisen Вank International зерттеуі бойынша, 2017 жылы Тәжікстандағы борышкерлердің тең жартысы уақытында несиесін өтей алмаған.

XS
SM
MD
LG