Ссылки доступа

Трамп Түркияға Сириядағы күрдтерге шабуыл жасамауын ескертті


АҚШ президенті Дональд Трамп твиттерге Сириядан америкалық әскердің біртіндеп шығарылып жатқанын жазып, қалғаны "Ислам мемлекеті" террористік тобына соққы жасауды жалғастыра береді деді.

Сонымен бірге Трамп Түркияға АҚШ-тың жиһадшыларға қарсы күресінде одақтасы, Сирияның солтүстік-шығысына бақылау жасайтын күрд армиясына қарсы шабуыл жасамауын ескертті. Түркия күрд тобын террористік ұйым ретінде бағалайды.

"Сириядан әскерді шығаруды бастадық. Соған қарамастан ИМ-нің қалған халифатына қарсы соққы беруді жалғастырып жатырмыз. Егер олар топтасып жатса, шабуылды жалғастыра береміз", - деген Трамп жексенбі күнгі жазбасында.

Ол сонымен бірге Түркияға да ескерту жасады. Егер күрдтерге қарсы шабуыл жасалса, біз Түркияны экономикалық тұрғыда жоямыз. Бұл жерде мен күрдтердің Түркияны, Ресейді, Иранды және Сирияны азғыруын қаламаймын. Олар ИМ-ге қарсы күресте ең үлкен үлес қосты. Оларға деген алғысымыз шексіз, бірақ біздің әскер үйіне қайтуы керек", - деп жазды Трамп.

​Түркия президенті Режеп Ердоған Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтонға жария түрде АҚШ-тың одақтасы күрд әскеріне шабуыл жасамаймыз деп уәде еткен.

12 қаңтарда Reuters агенттігі Түркияның Сириямен шекаралас Хатай провинциясына танктер мен брондалған әскери көліктер жеткізілгенін хабарлады. Түркияның қауіпсіздік қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме бермей отыр. Бірақ Сирияда әскери операция жасамақ деген ақпаратты теріске шығарды.

XS
SM
MD
LG