Ссылки доступа

Иранда Қырғызстаннан келе жатқан жүк ұшағы апатқа ұшырады (видео)


14 қаңтарда Иранда Қырғызстаннан ұшып келе жатқан Boeing 707 жүк ұшағы құлаған.

Ұшақ ирандық компанияға тиесілі, Қырғызстаннан Иранға чартерлік рейс жасаған. Бұл жөнінде қырғызстандық "Манас" әуежайының баспасөз хатшысы Әлия Курбанова мәлімдеді.

Оның сөзінше, апатқа ұшыраған ұшақ Бішкектен 14 қаңтарда, таңғы сағат 7.16-да "Манас" әуежайынан Иранның "Пайам" әуежайына ұшқан.

Адам өлімі туралы әзірге ресми мәлімет жоқ. Reuters Иран мемлекеттік телеарнасына сілтмесе жасап, ұшақта тоғыз адам болғанын хабарлайды. Әртүрлі БАҚ кемінде 9-16 адам құрбан болды деп жазып жатыр.

XS
SM
MD
LG