Апатты үйде тұратын әйелдің бірі қабір жанындағы қараусыз мешітке көшуден бас тартып отыр. "Мешіттің ішінде мәйттерді шығарған. Біз онда тұруға қорқамыз. Оның үстіне жанында қабір бар", – дейді келіншек.
Жергілікті билік өкілі апатты үйдің бұрын әскери бөлімше болғанын, бірақ оған жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жағдайы төмен отбасыларға бергенін айтады. Қазір бұл ғимарат құлағалы тұр.
"Адамдар тек ырымға сүйеніп, жөнделген мешітке көшуден бас тартып жатыр. 9 қаңтарда біздің қызметкерлер тұрғындармен кездесіп, олардың апатты үйде қала алмайтындарын жеткізді", – дейді жергілікті шенеунік.