Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалімдерді қосымша жұмысқа мәжбүрлеуге заңмен тыйым салады


Өзбекстанда жақында мұғалімдерді қосымша жұмысқа мәжбүрлеуге, олардың жалақысынан ақша ұстап қалуға, газет-журналдарға мәжбүрлеп жаздыруға заңмен тыйым салынады.

Халық білім министрлігі "Мұғалімдердің мәртебесі туралы" заң жобасына осы талаптарді енгізген.

Биыл 11 қаңтарда заң жобасы үкімет порталына қоғамдық талқылауға шығарылды. Құжат мұғалімдердің мәртебесін анықтайды. Бұған қоса ұстаздардың ар-ұжданын қорғау кепілдері осы заңда қарастырылған.

Заң жобасында ұстаздарды мәжбүрлі түрде қосымша жұмыстарға тартуға, металлолом мен макулатура жинауға, маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарына шығаруға тыйым салынған.

Ата-аналар мұғалімдердің кәсіби қызметін орындауға негізсіз кедергі келтіре алмайды.

XS
SM
MD
LG