Ссылки доступа

Түркіменстан билігі запастағы жауынгерлерді есепке алып жатыр


Военнослужащие Туркменистана (Иллюстративное фото)
Военнослужащие Туркменистана (Иллюстративное фото)

Азатлык радиосының Түркіменстандағы дереккөзінің хабарлауынша, түркімен билігі запастағы күштерді есепке алып жатыр. Азатлыктың Ауғанстандағы тілшісінің хабарлауынша, ауған-түркімен шекарасының барлығы дерлік содырлардың бақылауына өткен.

"Барлық военкоматтарға елу жасқа дейінгі ер азаматтардың әскери қимылдарға жарамдылығын тексеру тапсырылған", - деп хабарлады 14 қаңтарда қорғаныс министрлігіндегі дереккөз Азатлык радиосына.

Дереккөз мәліметі бойынша, запастағы жауынгерлерді есепке алу Ауғанстанмен шекарадағы жағдайға байланысты болып отыр. "Шекарада алаңдатарлық жағдай қалыптасты", - деп хабарлады дереккөз.

11 қаңтарда "Хроники Туркменистана" тәуелсіз басылымы Түркіменстанда халық арасында әскери есеп жүргізіле бастағанын хабарлады. Дереккөз мәліметі бойынша, запастағыларды есепке алу үйді-үйді аралау әдісі арқылы жүрізіліп жатыр.

Ауғанстанның бес провинциясы Түркіменстанмен шекаралас орналасқан.

XS
SM
MD
LG