Ссылки доступа

Таулы Бадахшан прокуратурасы Хорогтағы оқиғаны тексереді


Хорог. Иллюстративное фото
Хорог. Иллюстративное фото

Таулы Бадахшан автономиялы облысының прокуратурасы 13 қаңтар күні Хорог қаласында болған атысты тексеріп жатыр. Сол күні жергілікті тұрғын Наврас Худоёров пневматикалық қарумен жараланған.

Тәжікстан ІІМ баспасөз орталығының хабарлауынша, Хорог қаласының жастарымен қақтығысып қалған ОМОН қызметкерлері пневматикалық қару қолдануға мәжбүр болған. "Жергілікті тұрғындардың бірі жараланған, ол ауруханада жатыр", - деп хабарлады құқыққорғау мекемесі. Ішкі істер министрлінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларына қауіп төндіргендерге қатысты тексеру жүріп жатыр. Қылмыстық іс әзірге қозғалмаған.

Наврас Худоёровтың әкесі Ифтихор Худоёров баласының 14 қаңтарда арнайы жасақпен қақтығыс кезінде жараланғанын, қазір ауруханада жатқанын растады.

"Біз автокөлікпен жоғары көтеріліп келе жатыр едік, алдымыздан арнайы жасақ көлігі шыға келді. Жол қысқа болатын, ешкім жол бергісі келмеді. Екі жақ керісіп қалды. Арнайы жасақ біздің көлікті тоқтатып, құжаттарды талап етті. Құжаттарды алып, оны артқы орындыққа тастай салып, баламды ұстауға қамданды. Наврас сөйлесуге шақырған, бірақ милиция қызметкерлері пневматикалық тапаншамен ата бастады", - деді Ифтихор Худоёров.

Оның айтуынша, 13 қаңтарда кешке оның үйін тергеушілер келіп, оқиғаға қатысты сауалдар қойған. Ифтихор Худоёров – бұрынғы милиция қызметкері, қазір Хорогтағы банктердің бірінде жұмыс істейді.

Хорог қалалық аурухананың бас дәрігері Саидбек Давлатбековтің айтуынша, жараланған Наврас Худоровтың денсаулығы бірқалыпты.

XS
SM
MD
LG