Ссылки доступа

Иранда апатқа ұшыраған қырғызстандық ұшақ ет тасыған (видео)


В Иране разбился грузовой самолет, летевший из Кыргызстана, что в нем везли?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:43 0:00

Иранда 14 қаңтарда таңертең Бішкектен ұшып шыққан Boeing-707 әскери жүк ұшағы апатқа ұшырады. Қырғыздың "Манас" әуежайының баспасөз хатшысы Әлия Курбанованың айтуынша, ұшақ иран әскеріне қажетті ет тасыған.

Бішкекке ол Таиландтан 13 қаңтарда кешке бір жарым сағат кешігіп қонған. Одан соң экипаждағы 16 адамның 11-і қалаға соққан. Рейс Бішкектен ертесіне таңғы сағат 7.16-да ұшып шығып, Тегеран маңындағы "Пайам" әуежайына қонуы тиіс болған.

Ұшақ сағат 11-де Тегеран маңында апатқа ұшырады. Reuters мәліметі бойынша, аймақта сол күні ауа райы қолайсыз болған. Boeing капитаны "Пайам" әуежайының орнына Фат әуежайына шұғыл түрде қонуға талпынған, бірақ ұшақты басқара алмаған. Ұшақ қону жолынан шығып кетіп, тұрғын аудан аумағында қирап, өртенді.

Ұшақ бортындағы 16 адамның 15-і қаза тапты. Олардың барлығы - Иран азаматтары. Жалғыз бортинженер тірі қалды, ол ауруханада жатыр.

Қырғызстан билігінің мәліметі бойынша, иран әскерін ет жеткізумен жергілікті "Наведитс" компаниясы бірнеше жылдан брі айналысып келеді. Биыл алғашқы келісім бойынша 30 тонна қой еті жеткізілуі тиіс болған.

Өткен жылы компания 786 тонна ет тасымалдаған. Қырғызстанда бір ғана компания Иранға ет тасымалдайды.

"Боинг-707" 40 жыл бұрын пайдалануға берілген. Ол 1958-1979 жылдары шығарылған. Осы модельге жататын 172 ұшақ күрделі апатқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG