Ссылки доступа

Қырғызстан билігі халықтың Қытайға қарсылығына алаңдайды


Қырғызстанда соңғы екі айда халықтың Қытайға қарсылығы өскен. Елдің ресми өкілдері, соның ішінде президент Сооронбай Жээнбеков Пекинмен қарым-қатынасты бұзғысы келгендер жазаланады деп қатаң ескертті.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бері Қырғызстан астанасында Қытайдың заңсыз келген азаматтарын елден шығару талабымен екі мәрте наразылық митингі өтті. Алғаш рет қырғызстандықтар бейбіт акциясын 20 желтоқсанда Қытайдың Бішкектегі елшілігі алдында өткізді. Олар Қытайдан келген заңсыз мигранттарды елден шығаруға отыз күн уақыт беріп, шетел азаматтарына қырғызстандық төлқұжат берудің қаншалықты заңды екенін тексеретін комиссия құруды талап етті.

Белсенді топтың екінші митингі 7 қаңтарда Бішкектің орталық алаңында өтті, оған шамамен 300 адам қатысты. Митингке шығу туралы хабарламалар түрлі мессенджерлер мен әлуметтік желілер арқылы тарады.

"Қытай - біздің көршіміз. Ата-бабаларымыз көршімен тату тұру керектігін айтқан. Оларға бізге солай қарайды, гранттар бөледі. Түрлі көлемде несие береді. Бұл несиелердің қалай жұмыс істеуі - біздің ішкі мәселе. Мемлекет билігінде отырған шенеуніктердің мәселесі. Біз оларға несие бергені үшін рахмет айтуымыз керек", - деді қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков.

2018 жылы Қырғызстанға 35 мыңнан астам Қытай азаматы келіп, 34 мың 436 азамат еліне қайтқан. Қырғызстанның мемлекеттік тіркеу қызметінде шамамен 25 мың Қытай азаматы тіркеуде тұр.

XS
SM
MD
LG