Ссылки доступа

Армения президенті Пашинянды премьер-министр етіп тағайындады


Армения президенті Армен Саркисян ел премьер-министрі қызметіне Никол Пашинянды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат президент сайтында жарияланды.

Пашинян Армения премьері қызметіне алғаш рет өткен жылы мамыр айында жаппай наразылық акциясынан соң тағайындалған еді. Сол кезде халық Серж Саргсян мен оның партиясының билігіне наразы болып, екі мәрте президент қызметін атқарған Саргсянға билікті үшінші мәрте премьер ретінде қалуға жол бермеген еді.

Қазан айынының ортасында Пашинян отставкаға кетті, ал қараша айының басында Армения президенті парламентті таратып, кезектен тыс сайлау жариялады. Пашинян үкімет басқарып тұрған уақытта елдегі барлық губернаторларды ауыстырып үлгерді, жемқорлыққа қарсы күрес науөанын бастады, салық түсімін көбейтті.

Өткен жылы 9 желтоқсанда өткен кезектен тыс парламент сайлауында Пашинян блогы 70,43 пайыз дауыспен жеңіске жетті. Экс-президент Серж Саргсянның Армения республикалық партиясы аз дауыс жинап, парламентке өте алмады.

XS
SM
MD
LG