Ссылки доступа

Әндіжанда кәсіпкерлерді азаптады деген төрт милиционерді тергеп жатыр


Өзбекстанның Әндіжан ішкі істер басқармасының (ІІБ) кемінде төрт қызметкері ұсталып, арнайы қызмет абақтысында тергеліп жатыр. Бұл ақпаратты дереккөз хабарлайды.

Әндіжан облысы ішкі істер басқармасындағы дереккөздің мәліметі бойынша, терроризммен күрес жөніндегі бөлімнің төрт қызметкері ұсталған.

Әндіжандық кәсіпкердің бірі қамауға алынған төрт тергеушінің арнайы қызметтің тергеу абақтысында соңғы үш-төрт күннен бері сұрауға алынып жатқанынан хабардар екенін айтты.

"ІІБ-нің бірінші орынбасары Туланбой (Раззаков) қызметінен алынды, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іздеу бөлімінің төрт ізкесушісі Хумоюн, Одил, Ботир және Шукур арнайы қызметтің жертөлесінде жатыр. Соңғы бес жылда олар ІІБ-ні мафияға айналдырып жіберді. Олар жергілікті кәсіпкерлерді 15 тәулікке себепсіз қамап, азаптап, бизнесін өзге адамдарға беруін талап етіп келді. Олармен келіспеген кәсіпкерлерге қарсы қылмыстық іс қозғап, 15 жылға дейін соттатып жіберетін", – дейді әндіжандық кәсіпкер.

Өзбекстанның бас прокуратурасы Әндіжан облысы ІІБ қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Жапа шеккен кәсіпкерлердің 150-ге тарта туысы ұсталған милиция қызметкерлеріне қарсы құзырлы органдарға шағым түсірген.

XS
SM
MD
LG