Ссылки доступа

Кабулдағы жарылыс: төрт адам қаза тауып, жүзге жуығы жараланды


14 қаңтар күні кешкісін Ауғанстан астанасында жарылыс болып, кемінде төрт адам қаза тауып, жүзге жуығы жараланды деп хабарлайды ресми билік.

Жарылысты әзірге ешкім мойнына алмады. Ауғанстан ІІМ баспасөз хатшысы Наджиб Даниш жарылғыш зат қойылған көлік Кабулдың шығысындағы Green Village кешеніне айдап әкелінген дейді. Бұл ғимаратта шетелдік ұйымдардың өкілдіктері орналасқан, сонымен бірге отбасылары мүшелері тұрған.

Баспасөз хатшының орынбасары Насрат Рахими төрт адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Жараланғандардың арасында 23 сәби болған.

Аталған кешенде БҰҰ қызметкерлері жұмыс істеп, тұрып келген. Бірақ соңғы кезде бұл ғимарат іші жартылай бос тұрған, онда тек қауіпсіздік қызметінің бірнеше өкілдері ғана қалған. Ғимаратқа айтарлықтай залал келген.

XS
SM
MD
LG